Ақтөбе: Министр медресе студенттерімен жүздесті
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Ақтөбе облысына барған жұмыс сапарында Алға ауданында орналасқан «Ақтөбе» медресе-колледжінде арнайы шәкірттермен кездесті.
Кездесу барысында діни білім ордасына барған министр Асқар Қуанышұлы медресенің тыныс-тіршілігімен танысты. Сонымен қатар білім алудың артықшылығы туралы айтып, студенттерге дін қызметін атқарудың жауапкершілігіне кеңінен тоқталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі