Ақтөбе: Мектеп оқушыларымен кездесу өтті
ҚМДБ бекіткен «Діни оқу-ағарту» бағыты бойынша «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетіне түсуге бағыт беру және рухани білімге деген қызығушылықты арттыру мақсатында Ақтөбе қаласындағы №6, №8 мектебінің 10-шы, 11-ші сынып оқушылары мен «Ақтөбе» медресе колледжінен кейін университетте білімін жетілдіремін деген студенттермен кездесу өтті.
Аталған кездесуге Ақтөбе облысы өкілдігінде Діни кадр даярлау бөлімінің жауапты маманы, облыстық орталық “Нұр Ғасыр” мешітінің ұстазы Досбол Аймырза, "Нұр-Мүбарак" университетінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Қанат Купешов қатысты.
Шара барысында университетке түсу тәртібі, қабылдау шарттары, діни білімнің маңызы мен мүмкіндіктері, имамдық қызметтің жауапкершілігі туралы толығырақ ақпарат берілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram