Ақтөбе: «Әлеуметтік желінің заманауи тәсілдері» атты семинар өтті 1873

Ақтөбе: «Әлеуметтік желінің заманауи тәсілдері» атты семинар өтті

05 шілде 2022 96 Оқу 1 минут

Бүгін ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде қала және аудан имамдарына арналған «Әлеуметтік желінің заманауи тәсілдері» атты семинар өтті. 

Аталған семинарды облыстық мешіттің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман ашып берді. Ал журналист, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің Баспасөз хатшысы Ақтолқын Тажикова дәріс берді.

Семинар барысында Ақтолқын Орысбайқызы бүгінгі таңда ғаламтордың мүмкіндіктеріне тоқталды. Сонымен қатар адамдардың әлеуметтік желіні қолданудағы негізгі діни контенттің 3 мақсатын айта келе, бүгінгі таңда желі құрылымына шолу жасап, әлеуметтік желілердің пайдасы мен зиянын, желілердің мүмкіндіктерін, сондай-ақ қатерлерін басты назарға алды.

Одан өзге семинар қортындысында әлеуметтік желі мәдениетін қалыптастыруда ең басты ескеретін 3 мәселемен түйіндеді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі