Ақтөбе: «Ислам тарихының бүгінгі қоғамдағы маңызы» атты семинар өтті
Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әлидің бастамасымен және «Әзірет Біләл» мешітінің ұйымдастыруымен қала имамдарына арналған «Ислам тарихының бүгінгі қоғамдағы маңызы» тақырыбында семинар өтіп, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі Құлмағанбет спикер болды.
Ерәлі Құлмағанбет Ислам тарихындағы маңызды оқиғалар мен көрнекті тұлғалардың бүгінгі қоғам үшін маңызы жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ тарихи тәжірибеден тағылым алу, қоғамдағы ауызбіршілік пен тұрақтылықты нығайту, уағыз-насихат барысында тарихи деректерді орынды әрі сауатты қолданудың маңыздылығына тоқталды.
Одан өзге Ислам тарихын дұрыс түсінудің жат ағымдардың алдын алудағы және жастарға дұрыс діни бағыт-бағдар берудегі рөліне ерекше назар аудару керек екендігін айтты.
Семинар қорытындысында имамдар өзара пікір алмасып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі







































