Ақтөбе: Бас имам іс-сапармен Байғанинге барды
Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының бастамасымен «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында іс-сапар Байғанин ауданында жалғасын тапты.
Сапар барысында Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы Байғанин ауданы әкімінің орынбасары Әсет Тілеуқабақұлы мен Байғанин ауданының бас имамы Ержан Көрпебаевпен кездесіп, аудандағы дін ахуалдың жай-күйімен танысты.
Сонымен қатар облыстың бас имамы аудандағы діни тұрақтылықты сақтау мақсатында атқарылуы керек жұмыстарға тоқталып, жат ағыммен күрес жолындағы мәселерді шешу тұстарын атап өтті.
Еске салсақ, ҚМДБ-ның биылғы негізгі жеті бағыттарының бірі – жат діни ағымдармен жұмыс. Аталған бағыт бойынша ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі нәтижелі де сапалы көрсеткіштер көрсетіп келеді.
Ендігі кезекте Темір ауданынан бастау алған «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясындағы іс-сапар Мұғалжар ауданында жалғасын табады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі