Ақтөбе қаласы имамдарына тапсырмалар берілді
Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы қала имамдарына жиналыс өткізіп, жат ағыммен күрес аясына орай арнайы тапсырмалар бекітті.
Мәжіліс барысында Облыстың Бас имамы «ҚМДБ-ның негізгі бағыттарының бірі – жат діни ағымдармен жұмыс. Аталған бағыт бойынша ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі нәтижелі де сапалы көрсеткіштер көрсету маңызды»,- деп атап өтті.
Сонымен қатар бүгінгі күнге дейін атқарылған уағыз-насихат және оңалту жұмыстарына тоқталып, ендігі кезектегі күн тәртібіндегі өзекті мәселерді атап өтті. Одан өзге жыл қортындысына дейін жасалу керек жұмыстарды тапсырды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі