Тарихи мешітте халықаралық балалар күніне орай мерекелік шара өтті 6421

Тарихи мешітте халықаралық балалар күніне орай мерекелік шара өтті

02 маусым 2026 41 Оқу 1 минут

Халықаралық балалар күніне орай Ақтөбе қалалық орталық мешітінде бүлдіршіндерге арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.

Шара барысында балалардың көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында түрлі қызықты ойындар ойнатылып, танымдық әрі көңілді бағдарламалар өтті. Бүлдіршіндер белсенді қатысып, ерекше әсерге бөленді.

Мереке соңында қатысушыларға тәттілер мен сыйлықтар таратылып, ақжарма тілектер айтылды. Ұйымдастырушылар балаларға қуаныш сыйлап, олардың шат күлкісі мен бақытты балалық шағының маңыздылығына тоқталды.

Осындай игі шаралар жас ұрпақтың рухани және адамгершілік тәрбиесіне оң әсер етіп, олардың бойында мейірімділік пен ізгі қасиеттердің қалыптасуына ықпал етеді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі