«Тайқазан» қайырымдылық акциясы аясында көмек берілді 4776

«Тайқазан» қайырымдылық акциясы аясында көмек берілді

31 тамыз 2025 85 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының «Тайқазан» қайырымдылық акциясы аясында 24 отбасыға азық-түлік табысталды.

Игі шарада құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 24 отбасыға жалпы салмағы 240 кг құрайтын азық-түлік себеттері үлестірілді.

Шара барысында Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің азаншысы Қайрат Қаймолдин ҚМДБ-ның негізгі жұмыс бағыттарының бірі қайырымдылық екенін атап өтіп, қолдау көрсеткен азаматтарға алғысын білдірді. Сондай-ақ қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі