Ұстаз салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды сақтау туралы түсіндірме жұмысын жүргізді 1242

Ұстаз салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды сақтау туралы түсіндірме жұмысын жүргізді

26 қаңтар 2022 271 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласындағы Шалқар аграрлық-техникалық колледжінде қалалық№2 кітапхананың ұйымдастыруымен «Сәлемдесе білгенім – бабамның сөзін ілгенім» атты импровизация кеші өтті. 

Аталмыш шарада студенттерге Шалқар ауданының Әйел-қыздар жетекшісі, «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету туралы айтып өтті.

Одан өзге жастарға салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды сақтау және сәлемдесу әдептері жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі