«Спирт қосылған тағамдардың үкімі» атты пәтуа таныстырылды
Ақтөбе облысында қазан айының алғашқы Пәтуа сағаты өтті.
Жұма намазынан кейін ұйымдастырылған Пәтуа сағатында имамдар мен ұстаздар жамағатқа білімнің артықшылығы, ұстазға деген құрмет мәселелерін түсіндірді.
Сонымен қатар «Спирт қосылған тағамдардың үкімі» атты пәтуаны жіті таныстырды. Одан өзге жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі










































