Шалқарда ұлттық мереке тойланды 3319

Шалқарда ұлттық мереке тойланды

27 наурыз 2024 1176 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің алаңында «Қош келдің, әз-Наурыз» атты мерекелік шара өтті.

Мерекені Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков құттықтау сөзімен бастап, дәстүрлі мерекенің маңыздылығын баяндады.

Мешіт алаңына киіз үй тігіліп, жұма намазынан кейін жастар арасында «Наурыз» мерекесінің құрметіне орай арқан тарту, асық ату және ләңгі тебу бойынша ұлттық ойындардан жарыс өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша «Асық ату» мергендік өнерінен I – орынды Базарбаев Мирамғали иеленсе, II - орынмен Сүлейменов Шанжархан, III – орынмен Айбеков Ерназар марапатталды.

«Ләңкі тебу» ойыны бойынша I – орынды Науанов Қуаныш, II – орынды Ұлданов Әлібек, III – орынды Қошаев Дастан иеленді.

Ал, командалық «Арқан тартыс» бойынша жүлделі I - орынға «Шч-3» командасы , II - орынға «2001» командасы, III - орынға «Дастан» командасы ие болып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Сондай – ақ, игі іс-шарада мешіт атынан ауызашарға ұлыс дәмі – наурыз көже мен зәм – зәм суы таратылып, халыққа жақсы көңіл-күй сыйлады.