Шалқар: Ұстаз мектеп оқушыларымен кездесті 2516

Шалқар: Ұстаз мектеп оқушыларымен кездесті

23 ақпан 2023 159 Оқу 1 минут

Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің ұстазы Бақытнұр Нұрмағамбетова «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Қ.Тілепбергенұлы атындағы саз мектебіндегі оқушылармен 3  рет кездесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында ұстаз «Иманды адам – ізгі қоғам» тақырыбына тоқталып, «Тыныштық – әрбір мемлекеттің баянды болашағы үшін аса маңызды фактор. Хақ дініміздегі «Ислам» сөзінің өзі бейбітшілік, Алланың заңдарына мойынсұну, бағыну дегенді білдіреді».-деп
жат ағымнан сақтану жолдарын баяндады.

Сонымен қатар ұстаз Бақытнұр Нұрмағамбетова аталған мектептің 4,5,6,7 сынып оқушыларына қысқы серуен ұйымдастырды.

Шара барысында ұстаз «Ислам және ізгі қоғам» жылының маңызыдығына тоқталып, оқушылар арасында бірлікті, бауырмашылдық мен салауатты өмір салтын ұстану туралы жіті тоқталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі