Шалқар бас имамы Шілікті тұрғындарымен кездесті
Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Шілікті ауылдық округіне арнайы іс-сапармен барды.
Алдымен ауданның Бас имамы Абзал Медетбеков жергілікті мешітке барып, ондағы ахуалмен танысып, құлшылық үйінің жұмысын жандандыру, уағыз-насихат, бағытындағы шараларды күшейту қажеттігін атап өтті.
Шалқар ауданына қарасты Шілікті ауылына атбасын бұрған Бас имам ауыл әкімі Табынбеков Жалғас Сағитжанұлымен жүздесіп, ауылдағы діни ахуалды сөз етті.
Содан кейін Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков ауыл ақсақалдары және мешіт жанашырларымен кездесу өткізді. Бас имам өңірдегі діни ахуал, дін мен ділді, ұлттық тәрбиені, береке-бірлікті дәріптеудегі аға буынның рөлі туралы айтты. Ауыл тұрғындарының пікірлері тыңдалып, сұрақтарға жауап берілді.