Шалқар: Ауданның Бас имамы Бозой ауылына арнайы іс-сапармен барды
Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Қондыбайұлы Бозой ауылына барған арнайы іс-сапарында жергілікті мешітке барып, ондағы ахуалмен жіті танысты.
Сонымен қатар жұма намазын жүргізіп, жамағатқа уағыз-насихат айтты. Жергілікті дін қызметкерлеріне құлшылық үйінің жұмысын жандандыру, уағыз-насихат, қайырымдылық бағытындағы шараларды күшейту жөнінде тапсырмалар берді.
«Сапарымыздың мақсаты – шалғай ауылдардағы мешіттердің ахуалын білу. Жергілікті халықпен етене танысу. Осыған байланысты Бозой ауылына арнайы келіп отырмыз. Мешіт – тәрбиенің, сонымен бірге білімнің, бірліктің ошағы. Бәрімізге ортақ құндылық. Оны дәріптеу – дін қызметкерлерінің ғана міндеті емес, бұл – тұтас қоғамның міндеті. Рухани қуатты, дініне берік, білімді ұлттың болашағы қашан да жарқын»,- деді ауданның Бас имамы.
Одан өзге Бас имам Абзал Қондыбайұлы Бозойдағы обаға қарсы бөлімшесіне арнайы барып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі