Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің перделері заманауи үлгіде жаңартылды.
Кәсіпкер Ақтоты Узакбаева Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітіне Ерлан Ұзақбайұлы және Ербол Ерланұлы атынан заманауи үлгідегі перделерді уақыф етті.
Перделер мешіт ажарын аша түсті. Онда Құран аяттары мен хадистер сөздері көркем түрде бейнеленген.
Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков кәсіпкерге алғысын білдіріп, қайырымдылық шараларының қоғамдағы маңыздылығын атап өтті.







































