СЪЕЗД ДЕЛЕГАТТАРЫ АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ
Бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі аясында алқалы жиын делегаттарының қатысуымен жаңа Бейбітшілік пен келісім саябағында 60-тан астам ағаш отырғызылды.
Елорда әкімдігінің қолдауымен Есіл өзенінің бойынан Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды. Жаңа саябаққа съезд делегаттары 60-тан астам жапырақты және қылқан жапырақты ағаш отырғызды. Ағаш отырғызу рәсіміне ҚМДБ атынан наиб мүфтилер Кенжәлі Қоңыратбайұлы мен Сансызбай Құрбанұлы қатысты.
Айта кетейік, саябақ құрылысы 2023 жылы толықтай аяқталып, ел игілігіне беріледі.