РАНТ мүшесі Ақтөбе қаласында
ҚМДБ-ның 2022 жылғы жоспары аясында іс-сапармен РАНТ мүшесі, Көкшетау қаласы «Науан хазрет» мешітінің наиб имамы Ұлан Шарипов Ақтөбеге келді.
Уағыз-насихат жұмысы – Ақтөбе қаласындағы 168\2 түзету мекемесіндегі жазасын өтеушілермен «Мұсылманның шынайы келбеті» тақырыбында кездесуден басталды. Ал Бесін намазының алдында Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «Қазақ-Орыс Халықаралық университетінде студенттермен кездесіп, «Білім алудың артықшылығы» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Ислам – білімді үйреткен ұстазды да, білім алған шәкіртті де құрметтейді. Себебі, білімі жоқ адам тура жолдан тез таяды. Сол себепті, мұсылман үмбеті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өсиетін орындап, өзін жан-жақты дамытып, білімге ден қойғаны абзал»,- деп РАНТ мүшесі адам өміріндегі білімнің маңыздылығына тоқталды. Одан өзге кездесу барысында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға РАНТ мүшесі Ұлан Беркенбайұлы мен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман тұщымды жауап берді.
Ұлан Шариповтың іс-сапары қалалық орталық мешітте «Шай үстіндегі насихат»-та жамағатпен кездесіп, «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» аясында, ал жұма күні қаладағы «Нұрдәулет» мешітінде «Салауат айтудың артықшылығы» тақырыбында уағыз айтумен қортындыланды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі