РАНТ мүшесі Мұғалжар ауданына барды
РАНТ мүшесі, Ақтөбе қалалық орталық мешінің бас имамы Нұрлыбек Күзенбаев 2 күн арнайы іс сапармен Мұғалжар ауданына барды.
Арнайы іс-сапар Ембі қалалық кітапханасында басталып, «Діни білім-тәрбие бастауы» тақырып аясында өрбіді.
Сонымен қатар Ембі қалалық «Нұр» мешітінде ақшам және құптан намаздарының арасында уағыз-насихат жүргізіп, жат ағымдардың қоғамға тигізер кері әсерлері мен жеке тұлғаның өміріне әкелер апаттары туралы баяндады.
Одан өзге Нұрлыбек Шакизадаұлы Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітінде «Қажылық – бес парыздың бірі» тақырыбында жұма уағызын өткізіп, бесінші парыздың мән-маңызы мен құрбандық шалудың нығметін түсіндіріп өтті.
Кездесу барысында жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, маңызды сауалдар аясы кеңінен түсіндірілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі