Құран үкімі ме, әлде Шафиғидің пәтуасы ма?
Баяғыда болған оқиға деседі. Қарт ана қазиға келіп пәтуа сұрайды. Сонда қази: «Сізге Алланың кітабымен пәтуа берейін бе, әлде Шафиғидің сөзімен бе?»,-дейді. Сонда қарт ана: «Шафиғидің сөзімен пәтуа беріңіз. Шафиғидің Алла кітабы жайлы білімі сіздің Құранға қатысты біліміңізден көбірек екеніне сенімдімін»,-деген екен.
Бұл қысқаша әңгіменің бүгінгі тұрлаусыз жастарға берер тәлім мол. Кейбір жастар мешіт имамдары тұрмақ Ислам әлеміне әйгілі Әбу Ханифа және Шафиғи (р.а.) сынды тау тұлға ғалымдардың сөзін сынайды. Аят пен хадистің терең маңынасынан бейхабар болғанына қарамастан әр сөзінде Алла Тағала былай деген, Пайғамбар (с.ғ.с.) былай деген сияқты сөздер айтуы орынды емес екенін түсінетін уақыт жетті.
Мұса ЕРБАТЫР