Қобда ауданында қайырымдылық жалғасын тапты
Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы жалғасын тапты.
Сауаптар еселенетін қасиетті Рамазан айының құрметіне орай 5 отбасыға әйел жамағаты «Жомарт жұма» акциясы аясында көмек берсе, ал мешіт тарапынан 10 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірілді.
Игі шарада аудандық жастар ресурсының жастары ерікті ретінде азық-түлік қоржындарын таратуда үлес қосты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі