Облыстық орталық мешітте 35 отбасыға қайырымдылық жасалды
Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешінде ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Кошкарова ұйымдастыруымен 35 отбасыға су жаңа 137 кг қамтыған киім кешек таратылды.
Оның ішінде көмегімен көпбалалы және аз қамтылған, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі отбасылар мен тағдыр тауқыметіне ұшыраған жандар қарастырылды.
Игі шара демеуші кәсіпкерлердің көмегімен жүзеге асты.
Көмек алған отбасылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі