Облыстық «Нұр Ғасыр» мешіті жеңімпаз атанды
Облыстық дін істері басқармасының тапсырмасымен, «Жарық» ҚБ ұйымдастыруымен, діни және этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен «Тақырыптық апта» өтті.
Шараның мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері мен жергілікті діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Аталған шара барысында ислам, православ, кришна, евангелдік христиан баптисттері, ҚХА өкілдері қатысты.
Жарыс қортындысында викторина бойынша облыстық «Нұр Ғасыр» мешіті атынан ұстаз Ардақ Бағдалқызы шәкіртімен үздік танылып, І орынды иеленді.
Одан өзге тақырыптық аптаның жабылуы рәсіміне басқарма басшысы қатысып, діни бірлестіктер мен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасындағы қарым-қатыстастың маңыздылығында тоқталып, жарыстардың жеңімпаздарын марапаттап, алдағы уақытта тығыз ынтымақтастық пен бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылатынына сенімін білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі