Ақтөбе мешіттерінде уақып қоры жұмысы насихатталды
Дінімізде қайырымдылық атаулының ең құрметтісі уақып деп танылады. Ал уақыптың шариғаттағы мағынасы белгілі бір мүлікті (жарамсыз болып қалғанға дейін) үздіксіз қайырымдылық жолында пайдалану деген сөз.
ҚМДБ Ақтөбе облысына қарасты облыстық, қалалық және аудандық, ауылдық мешіттерге жиналған жамағатқа жұма күні имамдар «Уақып – сарқылмас қазына» атты тақырыпта уағыз-насихат өткізді. Сонымен қатар имамдар ҚМДБ «Уақып» қорының жұмысымен таныстырып, дініміздегі уақып жасаудың сауабы мен артықшылықтарын баяндады.