Облыстық мешітте Құран жарысынан іріктеу өтті 3740

Облыстық мешітте Құран жарысынан іріктеу өтті

25 қыркүйек 2024 298 Оқу 1 минут

 «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде қыз-келіншектер арасында өтетін Құран жарысына іріктеу өтті. 

Сайыс барысында ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі. Облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Кенжегул Кушкарова Құран оқудың артықшылығын айта келе, Құранды жақсылап оқыған, әріптерін дұрыс оқуға машықтанған әрі амал етуге тырысқан мұсылман Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болатынын Айша (р.а.) анамыздан келген риуаятты жеткізіп, шәкірттерді жігерлендірді.

Ал аталған «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Акмарал Сансызбай Құранды жақсы көрудің де өзіндік белгілері бар деп атап өтті. Тек қана тілмен: «мен Құранды жақсы көремін», - деу жеткілісіз. Құранды жақсы көру, аз да болса үнемі оқудан, жаттап жүруден және амал етуден байқалады. Қазақ халқында «Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шығады» деген нақыл сөз бар деп жарысқа қатысатын шәкірттерге сәттілік тіледі.

Іріктеуге қатысқан 16 шәкірттің ішінен 8 қатысушы таңдалды.

 Айта кертсек, қалалық Құран жарысына «Нұр Ғасыр» мешітінің атынан 3 шәкірт жарты парадан, 2 шәкірт мәнерлеп оқудан, 2 шәкірт 1 парадан сайысқа қатысады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі