Облыстың Бас имамы Қадір түні туралы сұхбат берді
Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы «Aqtobe» телеарнасындағы «Сәті түскен сұхбат» бағдарламасында қонақ болып, мың айдан да қайырлы Қадір түні туралы сұхбат берді.
Бағдарлама барысында облыстың Бас имамы: «Алла Тағала Хақ Елшісіне (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын):لَيْلَةُ الْقَدْرِ خَيْرٌ مِّنْ أَلْفِ شَهْر «Қадір түні мың айдан да қайырлы» (Қадір, 2-3) – деген аятты нәзіл етіп, мұсылман үмбетін теңдессіз қуанышпен сүйіншілеген. Әлбетте, бұл – Алла Тағаланың мұсылман үмбетіне деген шексіз қамқорлығы мен рақымы. Өйткені, мың айды жылдарға шағатын болсақ, сексен үш жылдан астам мезгілді қамтиды. Бұл дегеніміз – бір адамның өміріне татитын уақыт мөлшері. Яғни, Қадір түнінде Хақ Тағалаға ынты-шынтымен құлшылық еткен пенде ғұмыр бойы құлшылық еткен болып саналады», -деп маңыздылығына тоқталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі