Облыстың Бас имамы 2026 жыл – «Ислам және адал қоғам» жылы аясында телеарнаға сұхбат берді 5872

Облыстың Бас имамы 2026 жыл – «Ислам және адал қоғам» жылы аясында телеарнаға сұхбат берді

03 ақпан 2026 55 Оқу 1 минут

Кешегі апта және бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев Ақтөбе телеарнасының «Сәті түскен сұхбат» және «Дін мен дәстүр» бағдарламаларына арнайы сұхбат берді. Сұхбат барысында Бас имам Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2026 жылды «Ислам және адал қоғам» жылы деп жариялауына байланысты өңірде атқарылатын негізгі жұмыстар мен діни бағыттарға кеңінен тоқталды.

Бағдарламаларда Бас имам «адал қоғам» ұғымының Исламдағы орны, имандылық пен әділдіктің қоғам тұрақтылығындағы маңызы, діни қызметтің жауапкершілігі жайында ой бөлісті. Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бағдарлық баяндамасы негізінде 2026 жылы жүзеге асырылатын басты бастамалар мен міндеттерді атап өтті.

Сұхбат барысында өңір имамдарына бекітілген жұмыс жоспары, атап айтқанда діни қызметтің төрт негізгі бағыты –

«Ихсан және насихат»,

«Діни оқу-ағарту»,

«Дәстүр және отбасы»,

«Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Бұл бағыттардың барлығы адалдық, жауапкершілік, ұлттық құндылық пен рухани тәрбиеге негізделетінін атап өтті.

Сонымен қатар «Дін мен дәстүр» бағдарламасында қазақ халқының салт-дәстүрі мен Ислам құндылықтарының сабақтастығы, отбасы институтын нығайту, жастар тәрбиесі мен қоғамдағы діни тұрақтылық мәселелері кеңінен қозғалды. Бас имам дін мен дәстүрдің өзара үйлесімділігі – адал қоғам қалыптастырудың маңызды тірегі екенін жеткізді.

Телеарна арқылы берілген бұл сұхбаттар ҚМДБ-ның 2026 жылға арналған мақсат-міндеттерін көпшілікке түсіндіруге, жамағат пен қоғамды ортақ рухани құндылықтарға ұйыстыруға бағытталды.


Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі