Қобдада «Құдай ас берудегі ысырапқа жол бермеу» құжаты таныстырылды
Қобда ауданында ҚМДБ бекіткен «Құдай ас берудегі ысырапқа жол бермеу құжаты» таныстырылды.
Қобда ауданында бас амандыққа шүкір асы беріліп, ауданның бас имамы Шымболатов Абай Астана қаласында өткен 6 имамдар форумында қабылданған құжаттты жіті талдап өтті.
Сонымен қатар бекітілген ас мәзірі бойынша дастархан жайылды.
Одан өзге Аудан әкімі Тынымгереев Ізгілік, ақсақалдар төрағасы Нұрлыбек Құтжанұлы және аудан үлкендері сөз сөйлеп игі бастамаға толыққанды қолдау білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі