«Нұр Ғасыр» мешітінде сенбілік өтті
Күз мезгілі келісімен жылдағы үрдіс бойынша ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі сенбілік шараларын ұдайы жүргізуде. Бүгінде осындай игі шара облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде өтті.
Ислам – тазалық діні. Мұсылман баласының жан-дүниесі мен тәнін таза ұстағаны секілді өзі тұратын жерді де ұқыпты ұстауы парыз. Бүгінгі шара осыны айғақтайды.
Сенбілікке облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы өзі бастамалық жасап, мешіт ұжымы құлшылық үйінің маңына сенбілік шарасын жүргізді. Мешіт ауласының маңы қоқыстан түгелдей тазартылды.
Тазалық жұмысы нәтижесінде мешіт ауласы түрлі қоқыстан тазартылды. «Тазалық — иманның жартысы» деген хадисті ту еткен қазақ қоғамында қоршаған ортаның тазалығына мән беріп, көңіл аудару әрбір мұсылман баласының борышы болып саналады. Осыны терең түсінген мешіт ұжымы «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп тонның ішкі бауындай бірлесе атқарды.
Бұл мұсылман үшін сауапты іс. Сенбілікке атсалысқан ұжымға алғысымды білдіремін»- деді Облыстың бас имамы.
Айта кетсек, алдағы уақытта иманның жартысы болған тазалық жұмыстары өз жалғасын таппақ.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітің баспасөз қызметі