«Нұр Ғасыр» мешіті қызметкерлері балалар үйіне зиярат етіп барды 3386

«Нұр Ғасыр» мешіті қызметкерлері балалар үйіне зиярат етіп барды

01 маусым 2024 192 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің қызметкерлері Ақтөбе қаласында орналасқан «Жетесовтар әулеті» жетім балалар тәрбиеленіп жатқан отбасына арнайы барды. 

Азық-түлік пен жеміске толы дорбаларды арқалаған дін қызметкерлері балалардың халін біліп,  тыныс-тіршілігімен танысты. 

Балаларды асырап отырған ана балалардың алды отау құрып, тұрмысқа шыққанын айтты. Ортасы еліміздегі өнер саласындағы оқу орындарына түсіп жатқанымен сүйіншіледі. 

Қолдарынан өнер тамған балалар домбыра, қобыз, жетіген секілді аспаптармен күй,  жыр шертіп қонақтардың көңілін көтерді. 

Жиын соңында имам шаңыраққа Құран оқып, балалардың болашағына береке тіледі.