3 Сафар
Наиб имамға ҚМДБ атынан үлкен қажылыққа жолдама берілді 4543

Наиб имамға ҚМДБ атынан үлкен қажылыққа жолдама берілді

23 мамыр 2025 596 Оқу 1 минут

Бүгін діни басқарманың 35 жылдығына орай жұма намазға жиналған жамағат алдында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мажит Әбішевке ҚМДБ атынан үлкен қажылыққа жолдама берілді.

Аталған жолдаманы облыстық мешіттің наиб имамы, «Зекет және қайырымдылық» қордың өңірдегі өкілі Алмат Әли табыстады.

Мұндайды күтпеген имам Аллаға мың да бір шүкір айтып, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына, облыстың Бас имамы Амантай Садиевке және әріптестеріне Алла разылығын тіледі. Көпшілік имамға дұға тілеп, ақсақалдар ақ бата берді.

Айта кетсек, 30 жылдан аса қажырлы діни қызмет етіп келе жатқан Мажит Әбішевтің сапары — мешіт ұжымы мен жамағат үшін үлкен қуаныш. Жуырда «Тауаф Тревел» компаниясы арқылы қажылыққа барады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі