2 Сафар
23:08 Құптан
Қарғалыда садақ атудан жарыс ұйымдастырылды 4544

Қарғалыда садақ атудан жарыс ұйымдастырылды

24 мамыр 2025 493 Оқу 1 минут

Қарғалы аудандық “Ас-Самиғ” мешітінде  Жастар секторына жауаты Нұрлан Қырықбаевтың ұйымдастыруымен “Дін мен дәстүр” бағыты аясында садақ атудан жамағат арасында жарыс өткізді. 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Садақ атуды және атқа мінуді үйреніңдер», – деген. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) садақ ату турасында үш рет қайталап мына сөздерді айтқан: «Расында, күш – садақ атуда». Сондықтан асыл дінімізде садақ ату – сүннет амалдардың бірі.

Сайыс қортындысында нысаннан дәл көздеп жоғары ұпай жинаған мергендерге сыйлықтар табысталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі