Наиб имам дін мен дәстүр сабақтастығы туралы насихат айтты 3612

Наиб имам дін мен дәстүр сабақтастығы туралы насихат айтты

10 қыркүйек 2024 192 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мәди Орынбай «Сүлеймен ата» мешітінде жамағатқа дін мен дәстүр сабақтастығы туралы насихат айтты. 

«Қазақ халқының күнделікті тұрмыс тіршілігі, әрбір іс-әрекеті Исламмен астасып жатыр. Мәселен, қазақтың ең үлкен дәстүрлі тойларының бірі – шілдехана. Баланың дүниеге келуі – бір ғана отбасының емес, бүкіл ауылдың, елдің қуанышы болған. Сондықтан ата-бабаларымыз сәби дүниеге келген кезде салт-дәстүр бойынша жаңа туған нәрестеге арнап қой сойған. Бұл дәстүр шариғатта «ақиқа» деп аталады. Ал қазақ салт-дәстүрі бойынша «қалжа» делінеді»,-деп наиб имам маңыздылығын атап өтті.

Насихатқа қатысушы жамағат өздерін мазалаған дін мен дәстүр аясындағы сұрақтарға толыққанды тұщымды жауап алды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі