Наиб имам қарыз беру мен қайтару әдептері туралы  сұхбат берді 2376

Наиб имам қарыз беру мен қайтару әдептері туралы сұхбат берді

28 қаңтар 2023 189 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Марал Иманғали өңірдің басты арнасы «Aqtobe» телеарнасындағы «Қайырлы таң, Ақтөбе!» бағдарламасында қонақта болып «Қарыз қайтарудың шариғаттағы маңыздылығы» тақырыбында сұхбат берді. 

Тікелей эфирде өткен бағдарламада «Асыл дінімізде қарызды кешіктіру немесе мүлде қайтармай қою – құпталмайтын іс. Себебі, бұл мұсылман бауырының ақысын аяққа таптаумен тең. Қарызды уақытынан кешіктіру – екі адамның арасына түсініспеушілік туғызатыны анық. Сол себепті, қарызды үлкен жауапкершілікпен қабылдау қажет,»- деп наиб имам түсіндіріп өтті.

Одан өзге тақырып аясындағы сауалдарға тұщымды жауап берді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі