Ұмытып ішіп-жесе, ораза бұзылады ма?
Сұрақ: Егер адам аузы берік екендігін ұмытып ішіп-жесе, оразасы бұзылады ма?
Жауап: Жоқ, ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды. Алайда, мұндай адам ораза екендігі есіне түскен бойда ішіп-жеуін тоқтатуы керек. Бұл туралы хадисте былай деп келеді: «Ораза ұстаған адам ораза екендігін ұмытып ішіп-жейтін болса, оразасын бұзбай аяқтасын. Өйткені, ол ораза ұстаған адамға Алла жегізіп, ішкізген» (Бұхари, «Саум», 26)
Ал егер адамның есіне түсіп, бірақ ол мұндай жағдайда оразам бұзылады екен деп ойлап, тамақ жеуін жалғастырса, онда оразасы бұзылады. Бұл күннің міндетті түрде кейін қазасы өтеледі.
Дайындаған: nurgasyr.kz