70 мұқтажға пітір садақасы мен зекет табысталды
Елімізде орын алып жатқан қайғылы жағдайға орай, су тасқынынан зардап шеккен Қобда ауданының тұрғындарынмен Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы арнайы барып кездесті. Мешіттің ондық мүшелері мен кәсіпкер азаматтар тұрғындардың хал-ахуалымен жіті танысып, 70 адамға пітір садақасы мен зекет табыстады. Сондай-ақ, сынаққа түсіп, көңілдерін кірбің басқан халыққа мешіттің бас имамы Нұрлыбек Күзенбаев:« Қиын-қыстау сәтте баршамыз сіздермен біргеміз! Қолымыздан келетін тиісті шараларды атқаруға күш салудамыз! Алла сіздерге жәрдемші болып, бұл сынақтан да қайыспай өтулеріңізді тілейміз! Еліміз аманшылықта болып, бірлігіміз ажырамасын,»- деп жұбату лебізін білдіріп өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Қобда және Ойыл аудандарына Ақтөбе қалалық орталық мешітінің атынан 7 тонна азық-түлік жөнелтілген болатын.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі