Мәртөкте кәсіпкерлермен кездесу өтті
Мәртөк ауданында ЖАНТ мүшесі Мұхаммедисмаил Шадман және ауданның бас имамы Марал Иманғали «Қайырымды адам – қуатты қоғам» атты кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – кәсіпкер азаматтарға қайырымдылық жасаудың маңыздылығын түсіндіре отырып, қоғам игілігі үшін жасалатын істерде бірігіп қызмет жасауға шақыру.
Наиб имам «Қуатты мұсылман – қандай мұсылман?» тақырыбында баяндады. Оның ішінде қоғам үшін жасалатын игі істерде алда болып, жақсылықта жарысудың маңыздылығын нақытылап өтті.
Ол сонымен қатар кәсіпкерлерді ел игілігі үшін бірге қызмет етіп, қайырымдылық жасауға, уақып түрлерінен кез-келгенін жасауға шақырды. Сұрақтарға жауап берді.