Үмметімнен 10 түрлі адам тәубе етпесе жәннатқа кірмейді
Ибн Аббастың (р.а.) риуаят етуі бойынша Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Үмметімнен он түрлі адам тәубе етпесе жәннатқа кірмейді. Олар: қаллағ, жәйуф, қаттәт, дәббуб, дәййус, артаба иесі, кубаһ иесі, утул, зәним, ата-анасын ренжітуші». Сонда адамдар: «Қаллағ деген кім, Расулалла?» – деп сұрайды. Сонда ол: «Әміршілердің алдында жүруші (жағымпаз)», – деді. «Жәйуф деген кім?» – деп сұрағанда: «Ол қабірді қазушы», – деді. «Қаттат деген кім?» деген сұраққа: «Өсекші», – деп жауап берді. «Дәббуб деген кім?» – дегенде: «Үйіне жезөкшелерді жинаушы», – деді. «Дәййус деген кім?» – деген сұраққа: «Өзінің әйелін қызғанбайтын адам (дәйіс)» , –деп жауап береді. «Артаба иесі деген кім?» – деп сұрағанда: «Барабан соғушы», – дейді. «Кубаһ иесі деген кім?» – дегенде: «Танбур тартушы», – деп жауап береді. «Утул дегеніміз кім?» дегенде сұраққа: «Қателікті еш кешірмейтін, кешірімді қабыл алмайтын адам», – деп жауап береді. «Зәним деген кім?» – дегенде: «Зинадан туған, жолдың шетіне отырып алып, өткен адамдарды ғайбаттаушы», – деп түсіндіреді.