ҚМДБ: МЕШІТТЕ ЖАМАҒАТПЕН БЕС УАҚЫТ НАМАЗ ОҚУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ 247

ҚМДБ: МЕШІТТЕ ЖАМАҒАТПЕН БЕС УАҚЫТ НАМАЗ ОҚУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ

26 қазан 2020 605 Оқу 1 минут

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті.

Комиссия мешіт жұмысына қатысты шешім қабылдады.

«Биыл 2 қарашадан бастап (жұма намазын қоспағанда) мешіттерде ұжымдық намаз (бес уақыт намаз) өткізуге рұқсат етілсін» делінген комиссия шешімінде. Бірақ залда 100 адамнан артық кісі болмауы және 2 метр әлеуметтік ара қашықтық, маска режимі қатаң санитарлық-дезинфекциялық режим сақталуы тиіс.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтауға шақырады, сонымен қатар карантин жағдайына байланысты қазірге жұма намазы оқылмайтынын хабарлайды.