ҚМДБ «30 жылдық» мерейтойына орай 30 кісіге зекет үлестірілді 383

ҚМДБ «30 жылдық» мерейтойына орай 30 кісіге зекет үлестірілді

30 қараша 2020 245 Оқу 1 минут

ҚМДБ 30 жылдық мерейтойына орай, кеше Ақтөбе қалалық орталық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Осынау игілікті шараға ҚМДБ-ның «Зекет қоры» бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли арнайы қатысты. Ол өңірдегі қайырымдылық шараларының тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқанын тілге тиек етті. Ақтөбе қаласының Бас имамы Нұрлыбек Күзенбаев сөз сөйлеп, карантин кезінде әлеуметтік жағдайлары өте төмен, аз қамтылған, жәрдемге мұқтаж отбасыларға қаржылай көмек көрсетіліп отырғанын атап айтты. Оның ішінде көп балалы аналар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттер бар.

Бас имам Н.Шәкизадаұлының ұйытқы болуымен өткен қайырымдылық шарасында, ақтөбелік жеке кәсіпкердің атынан бұл күні 33 отбасының әрқайсысына 100 мың теңгеден жалпы құны 3 миллион 300 мың теңге қаржылай көмек үлестірілді.

Мұның барлығы мешіт ұжымдарының, жалпы жамағат пен жергілікті жомарт жандардың ауызбіршілігі мен көмегінің нәтижесінде жүзеге асқан игілікті істер болды.

Қайырымдылық шарасының соңында ақ орамалды ана жиналған көпшілікке батасын берді.

Қазіргідей Әлемдік пандемияға қарамастан, әлеуметтік жағдайлары өте төмен отбасыларына зекетін берген ақтөбелік азаматқа айтар алғысымыз шексіз. Жәрдемге мұқтаж жерлестерімізге мүмкіндігінше көмек қолын созып, қуаныш сыйлаған азаматтың отбасына – аманшылық, кәсібіне – берекет тілейміз! Жомарт жанның қайырымды қадамын Алла Тағала сауапқа жазғай!

Әрқашан Еліміз – аман, жұртымыз – тыныш болсын!


Г.Төрединқызы, 

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің 

Баспасөз хатшысы