Мұғалжарда жамағат аралық воллейбол сайысы өтті
Мұғалжар ауданының бас имамы Мұхаммедисмаил ШАдманның ұйытқы болуымен жергілікті мешіттердің жамағат арасында воллейбол спортынан сайыс өтті. 9 топтан құралған қатысушылар арасында додалы әрі қызықты сайыс өтті. Жарыстың мақсаты жамағат арасында бірлік пен ынтымақты насихаттау. Сайыс қорытындысы бойынша аудандық «Нұртай» мешіті командасы аудандық жастар арасында ұйымдастырылған волейбол жарысында 1- ші орын алды.