Мұғалжар: «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жүзеге асты
Мұғалжар ауданында 8-10 маусым күндері «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қайта іске қосылды.
Облыстық Дін істері басқармасының бастамасымен іске қосылған жоба аясындағы іс-сапарда Дін істері басқармасы, «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы және ҚМДБ Ақтөбе өкілдігінің тарапынан бекітілген арнайы мамандар аудан бойынша әртүрлі мекемелер мен қоғамдық орындарда кездесулерге қатысып, халықпен жүздесті.
Ақпараттық түсіндіру тобының құрамында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман мен Ақтөбе қаласындағы «Әс-Сәлам» мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Такеев болып, 3 күннің ішінде 1326 адамға ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қандыағаш қаласы бойынша наиб имам Мұхаммедисмаил Шадман ЖШС «Неохим» филиалы, «Силикат» ЖШС, «ҚазТермоГрупп» ЖШС, «Қаз ТрансГаз аймақ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалы, «Мұнаймашремонткомплект» ЖШС, Қандыағаш ірілендірілген жол дистанциясы (ПЧ-6), ВерналОйл, «ҚТЖ» АҚ «Қандыағаш пайдалану вагон депосы» филиалының қызметкерлерімен кездесіп, елдің тыныштығы, бейбітшілік құндылығы, жат ағымнан сақтану туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, «Қадырәлі ата» және «Нұртай» мешітінде «Білімдімін деп айтпау», «Ханафи мазһабының қалыптасуы мен ілімдік ерекшелігі» тақырыбында жамағатқа уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға арналған қайырымдылық іс-шарасына қатысты. Одан өзге «Нұртай» мешітінде жұма намазын жүргізді.
Ал Нұрлыбек Такеев имам Жем пайдалану локомонтив депосы, "Қазақтелеком" АО Ембі қалалық бөлімшесінің қызметкерлері, Ембі қаласы ақылы қоғамдық жұмысшылары және «Жасыл ел» бағдарламасына қатысушы жұмысшылар, «Ембіжылу» КМК мен «Интергаз ЦА» АҚ ұжымына «Қоғамдағы діни сауаттылықтың маңызы», «Жат ағымдардың белгілері», «Дін мен тәрбие», «Өскелең ұрпақты жат ағымдардың ықпалынан сактандырайык», «Дін және ұлттық құндылыктар», тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Ембі қалалық «Нұр» мешіті мен «Қадірәлі» мешітінде «Білім алу мұсылманға парыз», «Ілімге және ілім иелеріне құрмет» тақырыбында уағыз айтып, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар 3-ші күнгі сапар барысында «Қадірәлі» мешітінде «Қажылық – қасиетті құлшылық» тақырыбында жұма уағызын айтып, жұма намазын жүргізді.
Одан өзге Мұғалжар ауданындағы «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясындағы сапарда екі имам 8 адаммен жеке кездесу өткізіп, жат ағымның алдын алу мәселері, дін мен салт-дәстүр құндылығы, отаншылдық туралы айтып, теріс ағымның алдын алуға қатысты бірқатар нұсқаулықтар берді.
Мұғалжар ауданында 8-10 маусым күндері өткен «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аудандық әкімдікте Мұғалжар ауданы әкімі Асқар Тұрарұлының қабылдауымен қортындыланды. Дін мамандары 3 күн бойы жасалған сапар туралы ойталқыларын орта салып, діни тұрақтылықты сақтау туралы ұсыныстарын айтты.
Айта кетсек, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен негізгі жеті бағыттың бірі – жат діни ағымдармен жұмыс. Осы бағыт бойынша ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі нәтижелі де сапалы көрсеткіштер көрсетіп келеді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі