Мұғалжар ауданына жаңа Бас имам тағайындалды 3359

Мұғалжар ауданына жаңа Бас имам тағайындалды

22 сәуір 2024 1063 Оқу 1 минут

Қасиетті жұма күні Ақтөбе облысы, Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітіне ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен жаңа Бас имам тағайындалды. Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы Бас мүфтидің бұйрығын оқып, жаңа Бас имам Мұхаммедисмаил Шадманды жамағатқа таныстырды. Облыс Бас имамы жаңадан тағайындалған имамға сәттілік тілеп, діни ахуалдың тұрақтылығына нәтижелі еңбек ететіндігіне сенім білдірді. Сондай-ақ жаңа имамды аудан әкімі арнайы қабылдап, қызметімен құттықтады. Аудандағы діни ахуал мен кадрлардың мәселесі жайында екі жақты пікір алмасты. Сонымен қатар, жаңа бас имам артынша аудан орталығындағы мешіттерді аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.

Шадман Мұхаммедисмаил Мұхаммедибраһимұлы

1986 жылы Ауғанстан Республикасы, Құндыз облысында дүниеге келіп, 1986 жылдың қазан айында Иран ислам республикасына қоныс аударған. 1993 жылға дейін сонда өмір сүріп, сол жылы қыркүйек айында өз отаны Қазақстанға оралған.

1993 жылы ОҚО, Созақ ауданы, Қаратау совхозында мектеп табалдырығын аттап, 2003 жылы ОҚО Шардара ауданы, Қоссейіт ауылы, Сырдария орта мектебін бітірген.

2004 оқу жылында ОҚО, Шымкент қаласындағы Қазақ-Араб университеті араб тілі және дінтану факультетінің Түркістан қаласындағы филиалы дайындық курсына қабылданып, 2005 жылы бітіріп шығып, сол жылы ОҚО, ОҚП университетінің философия факультетіне қабылданған.

2005-2009 жылы ОҚО ОҚП университетінің философия факультетін бітіріп шыққан.

2009-2010 аралығында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылындағы «Шет тілдер оқыту орталығы» атындағы лицейде тәрбиеші қызметін атқарған.

2011 жылы қаңтар айында Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне ұстаз ретінде тағайындалған. 2012 жылы «Астана» медресесінде ұстаз қызмет атқарған.

Кейін 2013 жылы Алматы облысы «Үшқоңыр медресе колледжі» жеке мекемесіне ұстаз болып тағайындалып, 2016 жылдан бастап осы медресе колледжде ұстаздық міндетін сақтай отырып директордың орынбасары қызметіне тағайындалған.

2018 жылы Түркия республикасы, Қайсери қаласы, «Имамдардың білімін жетілдіру» академиясына оқуға түсіп, 2021 жылы аяқтаған.

2021 жылдан осы уақытқа дейін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-ғасыр» мешітінде наиб имам қызметін атқарып келді.

Отбасы бар, 3 ұлдың әкесі.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі