Имамдар жамағатпен табиғат аясында бас қосты 2683

Имамдар жамағатпен табиғат аясында бас қосты

16 мамыр 2023 234 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының бастамасымен жамағат арасында «Бірлігі жарасқан жамағат» атты табиғат аясында демалу шарасы өтті.

Шараның басты мақсаты жамағат арасындағы бауырмалдық пен бірлік-ынтымақты арттыру.

Демалыс аясында бас имам «Бірліктің маңызы» турасында уағыз-насихат айтып:

«Мұсылман баласы қоғамның ұйытқысы және бірліктің бастамашысы болу керек. Өйткені Жаратушымыз қасиетті Құран Кәрімде «Бірігіңдер, бөлінбеңдер…» деп ескерту аяттарын түсірген. Кімде-кім өзі өмір сүрген ортасының тыныштығын сақтауға, соған қызмет етуге жәрдемдессе жақсылықта жәрдем етуші болғаны» - деп түсіндіріп өтті.

Кейін басқосу спорттық шаралармен жалғасты.

Қол күрес,кір тасын көтеру,арқан тартыс,футбол,волейбол сынды жарыстарда топ жарып, үздік шыққандар марапатталып, ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Одан өзге табиғат аясында дастархан жайылып,жиылған көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.


Ақтөбе қалалық орталық мешіті