Истихара дұғасының қабыл болғанының белгісі не?
Сұрақ: Әссәләму алейкум!
Истихара намазын оқып, дұға жасаса, түсінде сол мәселенің шешімі аян етіледі деген сияқты сөздер естіп едім. Жалпы, осы жайлы қысқа-нұсқа айтып берсеңіздер.
Жауап: Уа алейкум ассалам!
Истихара – маңызды шешім қабылдайтын кезде оқылатын нәпіл намаз. Истихара намазының арнайы дұғасы да бар. Жалпы, истихара сөзі жақсылық сұрау деген мағынаны білдіреді. Ал, енді оның белгісі – түсінде «істе» немесе «істеме» деп аян берілуі емес. Негізгі белгісі, жоспарында бір жақсылық болса істеймін деген мақсатына алып баратын себеп-салдардың жеңілдеп ісі оңынан келуі. Ал, жақсылық болмаса, ешбір нәтиже бермеуі. Мұндайда шаруаны доғарған жөн[1].
Дайындаған: nurgasyr.kz
[1] Дарул-Ифта