Имамдар жолда қалған жолаушыларға жәрдем берді
Ауа райының күрт өзгеруі Алланың қолындағы іс. Апат айтып келмейді. Қысқы маусымда елімізде болып жатқан боран секілді табиғат құбылыстарының бірі Ақтөбе облысында да орын алған болатын.
Алыс сапарға шығып, Ырғыз, Әйтеке би, Хромтау, Мұғалжар секілді аудандардың жол тораптарында табиғаттың тылсым ауа райы өзгерістеріне төтеп бере алмай көптеген жолаушылар жолда қалды.
Ақтөбе облысына қарасты қала, аудан мешіттерінің имамдары жергілікті жамағатпен бірігіп жолаушыларға ыстық тамақтар жеткізіп, мешіттер мен арнайы орындарға паналауға жағдай жасап сауапты әрі қайырымды іс жасады. Сондай-ақ Алла дінінің қызметкерлері жолдың ашылуын бірнеше күн күткен жолаушыларға ислам дініндегі бірліктің маңыздылығы, жанашырлық, қайырымдылық туралы насихаттар айтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі