20 Сафар
Имамдарға құнды еңбек уақып етіп табысталды 4683

Имамдарға құнды еңбек уақып етіп табысталды

14 шілде 2025 31 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласының жаңадан тағайындалған Бас имамы Алмат Әлидің төралағымен Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «II жарты жылдық жүйелі жұмысты жандандыру» тақырыбында жиын өтіп, оған барлық қала мешіттерінің имамдары, азаншылары, ер және әйел ұстаздары қатысты.

Аталған жиында имамдар мен ұстаздарға ҚМДБ Муфтият баспасынан шыққан «Бес асылың білсеңіз» атты кітаптарды сыйлық қылып табыстады. Аталған кітапты мешіт жамағаты, дін жанашыры Талғат есімді азамат марқұм болған әкесі мен ата-бабаларының атынан уақып садақасы етіп Ақтөбе облысы имамдарына табыстаған болатын. Алла тағала кәсібіне береке, отбасына амандық бергей.