Имам: Парақорлық – қоғамның баяндылығын бұзатын індет
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Antikor» орталығында өткен сұхбатқа Ақтөбе қалалық «Бақытжан» мешітінің имамы, ҚМДБ Жастар ісі секторының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Ержан Мизамов қатысып, «Пара берудің зияны» тақырыбында сүбелі сұхбат берді.
Онлай сұхбат барысында имам адам өміріндегі пара беру мен пара алудың зиянына тоқталды.
Сонымен қатар парақорлық – қоғамның баяндылығын бұзатын індет дей келе, пара жүрген жерде әділетсіздік орнап, адам мен қоғам құқығына қол сұғылып, заңның күші жойылатындығын атап, парақорлықтың шариғи үкімінде баяндап өтті.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі