Имам ұлы отан соғыс ардагерін құттықтады
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мәжит Әбіштегі Хромтау ауданына жасаған іс-сапарында соғыс ардагері Василий Грецкийдің шаңырағына барып Жеңіс мерекесімен құттықтап, облыс бас имамы Серікжан Еншібайұлының сәлемін жеткізді. Артынша Бас мүфтидің «Дін – ізгілік бастауы» атты кітабын арнайы табыстады.
Ұлы Отан соғысының ардагері дін қызметкері тарапынан көрсетіліп жатқан құрметке ризашылығын білдіріп, ел амандығын тілеп, бата берді.
Жеңіс күнін жақындатқан қарт майдангер бүгінде ұрпақ қызығына бөленіп отырған ақсақал бұл Жеңісте миллиондардың қаны бар екендігін айтады.
«Ел басына күн туған сонау сын сағатта иығына қару асынып, майданға аттанған аға-апаларымыз зұлмат кезеңде шынайы патриотизмнің өшпес үлгісін көрсетті. Біз барша майдангердің алдында алғыс айтып, бас иеміз. Аға-апаларымыздың мәңгілік ерлік дастаны ешқашан ұмытылмайды» дейді наиб имам Мәжит Әбіштегі.