Хромтауда еңбек адамына құрмет көрсетті
Хромтау ауданының бас имамы Марал Иманғали аудандық «Нұр» мешітінің тазалығы мен көркеюіне бірнеше жылдан бері өз еркімен үлес қосып келе жатқан Полат Нұрымбетовке құрмет көрсетіп, естелік сыйлық табыс етті.
Полат Нұрымбетов жылдар бойы ешқандай ақы талап етпестен, сауапты істі өз міндетіндей атқарып келеді. Атап айтқанда, мешіт ауласындағы шөпті шауып, айналаның таза әрі жинақы болуына тұрақты түрде атсалысып жүр. Оның бұл игі ісі – Алла үйіне деген жанашырлықтың, имандылық пен ізгіліктің жарқын үлгісі.
Марапаттау барысында Полат Нұрымбетовтің көп жылдан бері жасап келе жатқан еңбегі мен азаматтық жауапкершілігіне ризашылық білдірілді. Мұндай құрмет – игі іс иесіне көрсетілген алғыс қана емес, қоғамда еріктілік пен жанашырлықты насихаттаудың да бір көрінісі.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі





































