Хромтау: «Жастар – елдің болашағы» атты семинар-тренинг өтті
Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің наиб имамы Аслан Берікұлының ұйымдастыруымен аудандық мешітте «Жастар – елдің болашағы» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Аталған семинарды спикер ретінде ауданның бас имамы Ерік Қонақбайұлы жүргізді.
Аудан жастарына арналған шарада жеке даму, күнделікті әдеттерді қалыптастыру, жақсылықта жарысу,т білім алу, үлкенге құрмет – кішіге ізет, қоғамдық жұмыстар туралы айтылды.
Одан өзге спикерлер баяндамасын баяндап болғаннан кейін «сұрақ-жауап» айдары аясында жастардың сұрағына тұщымды жауап берілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі